Банан-құлпынай протеин коктейлі

  • Жарты стақан құлпынай, туралған банан, жарты стақан сүт, жарты стақан ваниль қосылған грек йогурті және 2 шай қасық чиа дәндерін қосып, блендермен көпсітіңіз.
  • Биік стақанға құйып, бадам ұнтағымен, чиа дәндерімен және жалбыз жапырақтарымен безендіріңіз.

Мюсли қосылған таңғы смузи

  • Жарты стақан құлпынай, орташа туралған банан, 2 ас қасық грек йогурті (дәмін өзіңіз таңдаңыз), сүт, төрттен бір бөлік стақанға тең мюсли және екі қасық бал қосып, блендермен көпсітіңіз.
  • Стақанға құйып, бірден ішіңіз, әйтпесе, қоспа қоюланып кетеді.

Кокос смузиі

  • Мұздатылған банан, кокос суы, кокос жаңқасы және бір шөкім ұнтақталған мускат жаңғағына бадам-пісте грек йогуртін құйыңыз
  • Бәрін біртекті масса пайда болғанша блендерде көпсітіңіз.
  • Қоспаны биік стақанға құйыңыз.

Пісірілген қарлыған қосылған йогурт десерті

  • 900 г қарлығанды қалыпқа салып, қант сеуіп, жарты сағатқа духовкаға салыңыз.
  • Ыстық қарлығанды кәкпірге салып, артық шырынын ағызып тастаңыз.
  • Жидектің төрттен бір бөлігін алып қалыңыз да, қалғанын аққан шырынмен араластырып, езбе пайда болғанша көпсітіңіз.
  • Езбенің жартысын грек йогуртімен (дәмін өзіңіз таңдаңыз) араластырып, қоспаны алты креманкаға бөліп құйыңыз. Бетіне қалған езбе мен жидекті салыңыз.
  • Креманканың бетін үлдірмен жауып, дастарқанға қойғанша тоңазытқышқа қойыңыз.

Грек йогурті қосылған тарт

  • Негіз ретінде жаңғақ пен сүйексіз қараөрікті блендерге салып, ұнтақтаңыз. Алынған қоспаны қалыпқа салып, нығыздаңыз.
  • Жұмыртқа, қант және грек йогуртін (дәмін өзіңіз таңдаңыз) миксермен араластырып, негізге құйыңыз.
  • 45 минут духовкаға пісіріп алыңыз.
  • Салқындатып, жеміс-жидектермен безендіріңіз.

Грек йогурті қосылған маффиндер

  • Ұн, крахмал, қопсытқыш, шоколад чипстері мен бір шөкім тұзды араластырыңыз.
  • Өсімдік майы, жұмыртқа, қоңыр қант және ваниль қосылған грек йогуртін жеке араластырыңыз.
  • Құрғақ қоспаны сұйық қоспаға қосып, мұқият араластырыңыз.
  • Қамырды қалыптарға құйып, 20 – 25 минут пісіріңіз.
  • Маффиндерді салқындатып, дастарқанға қойыңыз.

Странгисто ме мели

  • Өзіңізге ұнайтын дәмі бар грек йогуртінің екі-үш домалағын тәрелкеге немесе креманкаға салыңыз.
  • Әр домалаққа төрттен бір бөлікке тең грек жаңғағын салыңыз.
  • Бал құйып, дәмінен рақат алыңыз.

Грек йогурті мен алмұрт қосылған мусс

  • Грек йогурті (дәмін өзіңіз таңдаңыз) мен кілегейді жеке көпсітіңіз. Йогуртке кілегей қосыңыз.
  • Алмұртты ұсақтап турап, креманканың түбіне аздаған үлесіммен салыңыз.
  • Алмұртқа мусс құйып, бетіне бал құйып, креманканы жарты сағат тоңазытқышқа қойып қойыңыз.

Алма салаты

  • Алманы ұсақтап тураңыз, бадам-пісте дәмі бар грек йогурті мен бір қасық бал қосыңыз.
  • Ас болсын.

Ванильді балмұздақ

  • Ваниль дәмі бар грек йогуртіне қойылтылған сүт қосып, мұқият көпсітіңіз. Алынған массаны тоңазытқышқа салыңыз.
  • Балмұздақ дайын болғанша оны 3-4 сағат бойы жарты сағат сайын араластырып отырыңыз.

Салма қосылған пісірілген картоп

  • Қысқатолқынды пешке картопты пісіріп алыңыз. Картоптың түйнегін екіге бөліп, жұмсағын алып, езбе болғанша езіңіз.
  • Езбеге табиғи грек йогуртін, үгітілген ірімшік және брокколи қосыңыз.
  • Алынған салманы картоп «табаларына» салыңыз. Оны 200 градусқа дейін қыздырылған духовкаға 20 минутқа салыңыз.

Цацики грек тұздығы

  • Екі ірі қиярды үккішпен үгіңіз. Табаға салып, табиғи грек йогуртін қосыңыз.
  • Қоспаға ұсақтап туралған аскөк, жалбыз және сарымсақты қосыңыз.
  • Зәйтүн майы, лимон шырынын құйып, бұрыш себіңіз.
  • Араластырып, тоңазытқышқа 1 сағатқа қойып қойыңыз.

Тауық еті және жеміс қосылған салат

  • Піскен тауық етін төртбұрыштап турап, табаға салыңыз, бадам-пісте дәмі бар грек йогуртін қосып, мұқият араластырыңыз.
  • Төртбұрыштап туралған балдыркөк және алма қосыңыз.
  • Жүзім жидектерін екіге бөліп турап, табаққа ұнтақталған бадаммен қосыңыз.

Йогурт парфесі

  • Грек йогуртін ванильді қантпен және балмен араластырыңыз.
  • Креманкаларға бір қабаттап құйыңыз
  • Келесі қабатқа 1-2 ас қасық гранола салыңыз
  • Бір шөкім жидек салыңыз
  • Осы қабаттарды тағы бір рет қайталап, парфені жидектермен безендіріңіз

Денсаулық коктейлі

  • Балдыркөк, қияр және салат жапырақтарын блендерге салып, біртекті масса болғанша ұнтақтаңыз.
  • Массаға табиғи грек йогуртін қосып, тағы да көпсітіңіз де, аздаған минералды су қосыңыз.
  • Стақанға құйып алып, ішіңіз.

Құлпынай-банан смузиі

  • Туралған бананды блендерге салып ұнтақтаңыз да, алынған массаға құлпынай дәмі бар грек йогуртін құйып, тағы да көпсітіңіз.
  • Стақанға құйып, түтікшемен ішіңіз.

Жеміс десерті

  • Әртүрлі жемісті алып, 250 мл грек йогуртін (дәмін өзіңіз таңдаңыз) құйып, блендермен көпсітіңіз.
  • Қалыптарға құйып, таяқша салып, дайын болғанша мұздатқышқа салыңыз.

Таңқурай мусы

  • 1 ас қасық желатинді 3 ас қасық салқындатылған қайнаған суға 5 минутқа бұқтырып қойыңыз да, сұйық болғанша су моншасында жібітіңіз.
  • 1. 450 г таңқурайды блендермен көпсітіп, желатинмен және 500 г табиғи/ванильді грек йогуртімен араластырыңыз.
  • 1. Креманкаларға құйып, бетін жауып, тоңазытқышқа 2 сағатқа қойыңыз.

Қияр салаты

  • Қиярды қабығынан тазартып, орташа кесектеп кесіңіз. Табаққа салыңыз.
  • Табиғи грек йогуртін, аскөк, аздаған тұз және бұрыш қосыңыз.

Құрма қосылған банан смузиі

  • Құрманың өзегін алып, сыртындағы қара дақтарды кесіп, бөліктерге бөліңіз.
  • Тазартылған бананды орташа кесектерге бөліп тураңыз.
  • Блендерге салып, табиғи/ванильді грек йогурті мен аздаған сүт қосыңыз.
  • Десерт ыдыстарына құйыңыз.
  • Дастарқанға қояр алдында салқындатып, түтікше салып беріңіз.